#религиозных объединений

Діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің отырысы өтті
Діни бірлестіктермен байланыстар  жөніндегі кеңестің отырысы өтті

2026 жылдың 13 мамырында облыс әкімдігі дін істері басқармасы жанындағы діни бірлестіктермен байланыстар жөніндегі кеңестің (бұдан әрі - Кеңес) кезекті отырысы өтті.

Кеңес отырысының күн тәртібіне сәйкес облыс әкімдігінің білім басқармасының бөлім басшысы Е.Таткеевтің «Кәмелетке толмағандардың арасында деструктивті діни идеологияның таралуын болдырмау және алдын алу жұмыстарын жетілдіру туралы» және Шу ауданы әкімінің орынбасары Н.Сұлтанбаевтың «Шу ауданы аумағындағы діни ахуал туралы» тақырыптағы баяндамалары тыңдалды.

Кеңес отырысы барысында білім саласы мен Шу ауданындағы діни ахуал жайлы өзекті мәселелер қаралып, Кеңес мүшелерімен сұрақтар  қойылып, баяндамашылар тарапынан тиісті жауаптар берілді.

Жиынның соңында Кеңес отырысына төрағалық еткен облыс әкімдігі дін істері басқармасының басшысы Е.Ақбай діни экстремизм мен тероризмнің алдын алу  жұмыстарын ары қарай жалғастыру қажет екендігін атап өтті.

Новости
Дата публикации: 13.05.2026
Діни бірлестіктер басшылары Клубының аясында қорытынды жиын өтті
Діни бірлестіктер басшылары Клубының аясында қорытынды жиын өтті

2022 жылдың 14 желтоқсанында облыс әкімдігінің дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Діни бірлестіктер басшылары Клубының аясында қорытынды жиын өтті.
Клуб жұмысының мақсаты – түрлі сенімдер мен діндерді ұстанушылар арасында конфессияаралық және дінаралық диалог пен келісімді сақтау және нығайту; өзара түсінісушілікті, сыйластық пен серіктестікті дамыту.
Аталған шараға облыс аумағында жұмыс атқаратын Ислам, Христиан бағытындағы діни бірлестіктер мен филиалдардың басшылары мен өкілдері, тиісті мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Кездесуге қатысқандардың алдында Қазақстан мұсылмандар діни басқармасының облыстағы өкілі Б.Мырзагелдиев, орыс православ шіркеуінің жетекшісі, протоиерей Ю.Власенко және басқа да діни бірлестік басшысылары сөз сөйледі.
Облыста қызмет атқаратын Ислам, Православ, Католиктік, Протестанттық бағытындағы діни бірлестіктердің жетекшілері мен өкілдері қоғамдағы тұрақтылықты сақтаудағы ұлтаралық және конфессияаралық келісімнің маңыздылығы жайлы айтылды.
Шара соңында облыс халқының рухани құндылықтарының дамуына және конфессияаралық келісімнің нығаюына қосқан үлесі үшін діни бірлестік өкілдері мен Тараз қаласы мен аудандарының дін саласына жауапты мамандары алғыс хаттармен марапатталды.

Новости
Дата публикации: 14.12.2022
  • 1